"Бәрі абдырап қалды": басқа қаладан келген жалаңаш бала түнде Алматыдағы дәмханаға кіріп кеткен

Фото: Zakon.kz
Алматыда түнгі сағат үш шамасында ерекше қажеттілігі бар бала қаланың дәмханаларының біріне жалаңаш күйінде кіріп кеткен. Полиция болған жағдайға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға Төле би мен Әуезов көшелерінің қиылысында болған. Куәгерлердің айтуынша, сол кезде далада күн қатты суық болған. Аутизмі бар жалаңаш бала көшеден дәмхананың ішіне жүгіріп кірген.

Threads платформасының қолданушылары оқиға туралы жазба жариялаған.

"Бәрі абдырап қалды: келушілер, күзетшілер, бармендер, әкімші. Біз бірден үстін жауып, жылытуға және не болғанын түсінуге тырыстық. "102"-ге қоңырау шалдық. Баланы Талғардан іздеп жатқан болып шықты. Менің әлі күнге дейін бір сұрағым бар: ол Талғардан Төле биге қалай тап болды? Түнде, осындай күйде және үстінде ешқандай киім жоқ күйде ол жерге қалай жетті? Бұл жағдай мені әлі де қатты қорқытады", – делінген хабарламада.

Құқық қорғау органдары шақырту түскенін растап, полиция қызметкерлерінің қабылдаған шараларын айтты.

"Аталған факті бойынша "102" пультіне қоңырау түсті. Оқиға орнына келген патрульдік полиция қызметкерлері баланы тауып, Әуезов аудандық полиция басқармасына жеткізді және ювеналды полиция қызметкерлеріне тапсырды. Сол уақытта "102" пультіне жергілікті тұрғын әйел хабарласып, баланың аутизмі бар екенін және олар ұйықтап жатқан кезде үйден өздігінен шығып кеткенін хабарлады", – деді Алматы gолиция департаментінің баспасөз қызметі 2026 жылғы 1 қазанда Zakon.kz тілшісіне.

Полиция қызметкерлері баланы аман-есен анасына тапсырды.

Әйелмен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, ерекше қажеттілігі бар баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оның жүріп-тұруын бақылауды күшейту қажеттігі түсіндірілді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін