Бөкей ордасының 225 жылдығына орай салтанатты жиын мен мерекелік концерт өтті

Сурет: БҚО әкімінің баспасөз қызметі
Хан Ордасы ауылдық мәдениет үйінде Бөкей хандығының 225 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті. Оған облыс әкімі Нариман Төреғалиев, өңір аудандары мен көршілес Ресей елінің делегациясы, Бөкей ордасы ауданының құрметті азаматтары, зиялы қауым өкілдері қатысты деп хабарлайды, Zakon.kz.

Аймақ басшысы мерейтойдың жекелеген өңірдің ғана емес, тұтас еліміздің тарихына ортақ тағылымына тоқталды.

Сурет: БҚО әкімінің баспасөз қызметі

- Өркениет қалыптастыру ісіндегі жаңашыл бастамалардың арқасында Бөкей ордасы тарихта "тұңғыштар мекені" деген айрықша атауға ие болды. Бұл қасиетті топырақтан ел басқарған хан мен сұлтан, қол бастаған батыр, сөз бастаған шешен, ақындар мен ағартушылар шықты. Олардың елге сіңірген еңбегі мен өнегелі жолы Бөкей ордасының тарихын тұтас ұлттың рухани қазынасына айналдырды, – деді Нариман Төреғалиев.

Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Облыс әкімі мерейтойға дайындық жұмыстары 2023 жылдан басталғанын және Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес шалғайдағы ауданның инфрақұрылымын жақсартуға ерекше назар аударылғанын атап өтті.

Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

- Тарихи мұраны дәріптеу қасиетті мекенде өмір сүріп жатқан халыққа қолайлы жағдай жасаумен де сабақтас болуы тиіс. Бүгінде облыс орталығы мен аудан арасындағы жолға қатқыл жабын төселіп, түйткілді мәселе толық шешілді. Хан Ордасына кіреберіс 21 шақырым жол асфальтталды. Мектеп пен мәдениет үйі күрделі жөнделіп, жаңа спорт кешені салынды. Музей аумағында заманауи визит-орталық пен әкімшілік ғимарат бой көтеріп, кесене жаңғыртылды. Мұның бәрі – қасиетті мекеннің келешегіне салынған инвестиция, өткенімізге тағзым және тарих алдындағы жауапкершілік, – деді аймақ басшысы.

Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Нариман Төреғалиев танымал театр және кино режиссері, Қазақстанның Халық әртісі, "Жәңгірдің жаңғыруы" деректі фильмінің авторы Талғат Теменовке мазмұнды еңбек үшін өзінің және Жайық жұртшылығы атынан алғыс айтты.

Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Жиында өңірдің әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси, мәдени дамуына және тарихи мұраны зерттеу мен насихаттауға қосқан үлесі үшін бір топ азаматқа мерейтойлық медальдар табысталды. Салтанатты рәсім "Ән қонған, күй дарыған – құт Нарын!" атты мерекелік концертке ұласты.

Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін