Қазақстанның білім беру саласында барлығы 600 мыңға жуық педагог еңбек етеді. Олардың басым бөлігі мектептерде жұмыс істейді – онда шамамен 420 мың мұғалім бар.
Тағы 104 мыңнан астам маман балабақшаларда, ал 42 мыңға жуығы колледждер мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында еңбек етеді. Педагогтердің басым бөлігі – әйелдер.
Олардың арасында бұл мамандыққа ондаған жылын арнағандар да аз емес. Тек мектептерде 53 мыңнан астам педагогтің еңбек өтілі 30 жылдан асады, ал 73 мыңнан астам мұғалімнің еңбек өтілі 20-30 жыл аралығында.
Балабақшаларда 5 мыңнан астам маман 30 жылдан бері еңбек етіп келеді. Ал техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде еңбек өтілі 30 жылдан асатын педагогтер саны 4 мыңнан асады.