Алматының су шаруашылығы басқа компанияға берілмейді – "Алматы Су"

Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыдағы су құбыры мен кәріз жүйесі басқа компанияның басқаруына беріледі деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы "Алматы Су" МКК мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кәсіпорынның мәліметінше, әлеуметтік желілер мен кейбір ақпарат құралдарында тараған ақпаратқа негіз жоқ.

"Алматы Су" МКК – Алматы қаласының сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің жұмысын қамтамасыз ететін мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын. Қазір мекеме штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.

"Алматының сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін басқа компаниялардың басқаруына беру жоспарланбаған", – деп хабарлады кәсіпорын.

Осыған байланысты "Алматы Су" тұрғындарды жалған ақпаратқа сенбеуге және мәліметтерді таратпас бұрын оның дұрыстығын тексеруге шақырды.

Кәсіпорын сондай-ақ Қазақстан заңнамасында көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін