Ақмола облысында жаңа аудан әкімі тағайындалды: ол туралы не белгілі

Сурет: t.me/aqmola_region
Асхат Ахмедьянов Ақмола облысы Аршалы ауданының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы 2026 жылғы 5 қазанда облыс әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кадрлық өзгеріс өңір басшысының тиісті өкімімен бекітілді. Асхат Ахмедьянов 1992 жылғы 29 мамырда Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының Комсомольское ауылында дүниеге келген.

2013 жылы "Тұран-Астана" университетін "Мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығы бойынша тәмамдаған.

Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын 2014 жылы Атбасар ауданы Новоалександров ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы қызметінен бастаған. Бұл қызметте 2017 жылға дейін жұмыс істеген. Кейін сол аудандағы Бастау ауылдық округінде осыған ұқсас қызмет атқарған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін