Марғұлан Аманбаев ҚР ТЖМ аппаратының басшысы болып тағайындалды

Сурет: primeminister.kz
Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен Марғұлан Аманбаев ведомство аппаратының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Марғұлан Аманбаев 1973 жылы Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы Дружба ауылында дүниеге келген. Жезқазған тау-кен технологиялық институтын, ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтын бітірген.

2000–2006 жылдары — Астана қаласы Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің №8 өрт сөндіру бөлімінің инспекторы, аға инженері, бастығының орынбасары, бастығы.

2005–2006 — Астана қаласы Сарыарқа ауданының төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау бөлімінің бас маманы.

2006–2008 жылдары — Астана қаласы өртке қарсы қызмет департаменті Сарыарқа ауданы өртке қарсы қызмет басқармасының бастығы.

2008–2012 жылдары — Астана қаласы ТЖД "Сарыарқа" ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы.

2012–2015 жылдары — Астана қаласы ТЖД "Алматы" ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы.

2015–2016 жылдары — Астана қаласы ТЖД "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ бастығы.

2016–2020 жылдары — Нұрсұлтан қаласы ТЖД бастығының орынбасары.

2020–2023 жылдары — Ақтөбе облысы ТЖД бастығы.

2023–2024 жылдары — ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары.

2024 жылдың қыркүйегінен бастап қазіргі уақытқа дейін Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болып қызмет атқарды.

Еске салайық, бұған дейін Асхат Ахмедьянов Ақмола облысы Аршалы ауданының әкімі болып тағайындалғанын хабарлаған едік.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

Қазақстандық пара спортшы Малик Мұқашев таеквондодан әлем чемпионы атанды

Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша алдағы бес күнге арналған ауа райы болжамы