Іс-шарада облыс әкімі Болат Ақшолақов педагогтерді кәсіби мерекемен құттықтап, олардың еңбегіне, білім беру мен өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлесіне алғыс айтты.
Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ұстаздық – жай ғана қызмет емес, бұл – ұлы миссия. Елдің болашағы – жас ұрпақтың қолында, ал сол жас буын сіздер берген білім мен тәрбиенің арқасында қалыптасады. Әрине, бұл бағытта мектеп, ата-ана және қоғам болып бірлесіп жұмыс істегенде ғана жақсы нәтижеге жете алатынымызды есте ұстауымыз керек. Соңғы жылдары білім беру ұйымдарының инфрақұрылымын жақсартуға арналған ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр.
Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Қазіргі заман талабына сай жаңа "Келешек мектептер" салынып, ескі мектептер жөнделу үстінде. Мұның бәрі – оқушыларға сапалы білім беруге жағдай жасау мақсатындағы шаралар. Президент Жолдауында мұғалімдерге жаңа талаптарға сай біліктілік арттыру, жаңа оқыту әдістемелерін меңгеру сияқты маңызды тапсырмалар берілді. Бұл – қазақстандық білім беру жүйесін әлемдік деңгейге көтеруге бағытталған қадам және ол ұрпақ болашағына тікелей әсер етеді деп ойлаймын. Мереке құтты болсын! Ұстаз — шәкіртімен биік. Талапты, білімді, ойлы оқушылар көп болып, еліміз гүлдене берсін! – деді облыс әкімі.
Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Президент Жарлығымен бірқатар педагог білім саласын дамытуға қосқан үлесі мен көп жылғы адал еңбегі үшін мемлекеттік наградалармен марапатталды.
Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі