Оңтүстікте үсік, солтүстікте қар: 7 қазандағы ауа райы тұрғындарды әбігерге салады

Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 7 қазан, сәрсенбі күні Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады. Елдің батысында, солтүстік-батысында және орталығында жаңбыр жауады. Солтүстікте, шығыста және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр мен қар күтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің мәліметінше, республика бойынша жел күшейеді. Солтүстікте бұрқасын болуы мүмкін. Сондай-ақ солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде көктайғақ күтіледі. Кей жерлерде тұман түседі.

Синоптиктердің мәліметінше, түнде Алматы және Қызылорда облыстарының солтүстігінде, сондай-ақ Түркістан облысының таулы аудандарында топырақ бетіндегі температура 1 градусқа дейін төмендейді.

Ал Жетісу облысының солтүстігінде, Жамбыл облысының таулы аудандарында ауа температурасы -2 градусқа дейін төмендеп, үсік жүруі мүмкін.

Сонымен қатар Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Алматы, Ақтөбе, Жетісу және Қызылорда облыстарының жекелеген аудандарында жоғары өрт қаупі болжанып отыр.

Ал Қызылорда, Ұлытау, Ақтөбе және Атырау облыстарының кей жерлерінде өрт қаупі төтенше деңгейге жетеді деп күтіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін