Биыл көлік полицейлері 385 келі есірткі тәркіледі

Фото: polisia.kz
Көліктегі полиция департаментінде биылғы тоғыз айдағы жедел-қызмет жұмысының қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Департамент бастығы Абзал Жұматаев ішкі істер министрі Ержан Саденовтің ІІМ-нің кеңейтілген алқа отырысында берген негізгі тапсырмаларын жеке құрамға жеткізді. Оның ішінде әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алуды күшейту, "Заң және тәртіп" қағидатын қамтамасыз ету және басшылардың жұмыс нәтижесі мен бағынысты бөлімдердегі тәртіп үшін дербес жауапкершілігін арттыру міндеттері айтылды.

"Көлік нысандарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – біздің басты міндетіміз. "Заң мен тәртіп" қағидаты әрбір қызметкердің күнделікті жұмыс тәжірибесіне енгізілуі қажет. Бұл қылмыстардың алдын алуға да, заң бұзушылықтардың кез келген түрінің жолын жедел кесуге де қатысты", – деді Абзал Жұматаев.

Кеңес барысында теміржол және әуе көлігі нысандарындағы жедел жағдай, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ кадрлық және қызметтік даярлық мәселелері талқыланды.

Есепті кезеңде көлік полициясының қызмет көрсету аумағында 816 қылмыстық құқық бұзушылық тіркеліп, олардың ашылу деңгейі 84,4%-ды құрады.

Полицияның мәліметінше, бірқатар қылмыс түрі азайған. Атап айтқанда:

Сонымен қатар есепті кезеңде кісі өлтіру, зорлау және бұзақылық фактілеріне жол берілмеген.

Көлік полицейлері есірткіге қатысты 287 құқық бұзушылықты анықтап, заңсыз айналымнан 385 келіге жуық есірткі заттарын тәркіледі.

Бұдан бөлек, тоғыз айда 72 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталған.

Полиция департаменті құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмысты жалғастыратынын мәлімдеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін