СҚО-да зейнеткер пәтерін сатып, ақшасын алаяқтарға аударған

Фото: Zakon.kz
Солтүстік Қазақстан облысында зейнеткер домофон қызметін көрсететін компаниядан қоңырау шалды деген алаяқтардың арбауына түсіп, пәтерінен айырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Петропавловск.news" басылымының мәліметінше, зейнеткерге домофондарға қызмет көрсететін компаниядан хабарласқан. Қоңырау шалушы жабдықтардың жақын арада ауыстырылатынын айтқан. Алаяқтықтың кең таралған схемасы бойынша, әйелге код келген, ол кодты телефон арқылы сөйлескен адамға айтып берген.

Осыдан кейін зейнеткерге өзін банк пен ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері ретінде таныстырған адамдар қоңырау шала бастаған. Жалған мамандар белгісіз біреулер әйелдің атына несие рәсімдеуге әрекет жасап жатқанын айтып, оның пәтері бар екенін білген соң, үйін сатуға көндірген.

СҚО Полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы Мұратбек Аяғановтың айтуынша, алаяқтар зейнеткермен іс жүзінде барлық уақытта байланыста болған.

Әйел пәтерін 16 млн теңгеге сатылымға шығарған. Мәміле нотариус арқылы рәсімделген. Пәтер сатылғаннан кейін зейнеткер түскен ақшаны банк терминалы арқылы алаяқтар көрсеткен шоттарға аударған.

Көп ұзамай егде жастағы әйел алаяқтардың құрбаны болғанын түсініп, полицияға жүгінген. Алайда ол кезде кеш болған. Пәтер үшін аударылған ақша түскен шоттардың дропперлерге тиесілі екені анықталды.

Бұған дейін интернет-қосымшалар арқылы жалға баспана іздейтін қазақстандықтарға қауіп туралы ескерту жасалған болатын.

Қазақстан
Петропавл

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін