Қазақстан әлемнің ең ықпалды елдері рейтингінде 34-орынға тұрақтады — Тоқаев

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы инвестициялық климатты жақсарту, заңнаманы жетілдіру, адал бәсекені қорғау және инвесторлармен тікелей диалог өрбіту бойынша қабылданып жатқан жүйелі шараларға тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Халықаралық зерттеу және рейтинг агенттіктерінің бағалауына сәйкес, жуықта Қазақстан әлемнің ең ықпалды елдерінің арасында 34-орынға тұрақтады. Макроэкономикалық көрсеткіштерге зер салсақ, еліміз көптеген салада, атап айтқанда, әлеуметтік қорғау, инновациялық саясат, цифрландыру, ЖИ-ді дамыту, сыртқы саясат, ғылым және білім, заң үстемдігі қағидатын орнықтыру, қоршаған ортаны аялау, экологиялық мәдениетті ілгерілету, волонтерлік қозғалысты қолдау, ең маңыздысы, адамның құқығы мен бостандығын қорғауда елеулі прогреске қол жеткізді", – деді Мемлекет басшысы.

Тоқаевтың айтуынша, бұл қағидаттардың барлығы Конституцияда бекітілген. Азаматтар, Президент ретінде мен де оны мүлтіксіз сақтауымыз қажет.

"Біздің ұранымыз – "Бірлігіміз – әралуандықта!". Аталған қағидатқа сүйене отырып, елдегі тұрақтылық пен бейбітшілікті сақтауға бар күшімізді саламыз. Осылайша, барлық шетелдік, соның ішінде Бельгия компанияларына қолайлы әрі ашық іскерлік климат қалыптастырдық", – деді Президент.
Молния

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін