Тоқаев, король Филипп және патшайым Матильда Ректорлар форумына қатысты

Тоқаев, король Филипп және патшайым Матильда Ректорлар форумына қатысты, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.10.2026 19:55 Сурет: akorda.kz
Alem.ai. халықаралық орталығында Қазақстан мен Бельгия жоғары оқу орындары жетекшілері бас қосқан іс-шара өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Білім беру мен ғылыми зерттеулерге жасанды интеллектінің әсері" тақырыбын арқау еткен жиын интерактивті пікірталас форматында ұйымдастырылды.

Пікірталасқа қатысушылар жасанды интеллект технологиялары жоғары білім мен заманауи ғылым саласына қандай өзгеріс әкелетінін егжей-тегжейлі талқылады.

Атап айтқанда, Қазақстанның Еуропа мен Азия арасындағы аймақтық хаб, сондай-ақ білім беру, зерттеулер және инновациялар бағытындағы ынтымақтастыққа арналған стратегиялық алаң ретіндегі рөлі қарастырылды.

Іс-шара қорытындысы бойынша екі ел университеттері арасында бірқатар келісім мен меморандумға қол қойылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: