Қазақстанның жеке автокөлік бренді: Өнеркәсіп министрлігі жобаның қай кезеңде екенін айтты

Сурет: Zakon.kz
Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков 2026 жылғы 13 қазанда Қазақстанның жеке автокөлік брендін құру жұмыстары қалай жүріп жатқанын және әлеуетті серіктестермен келіссөздер жүргізіліп жатқан-жатпағанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Журналистер Қазақстанда жеке автокөлік брендін құру жұмыстарының барысын, сондай-ақ Өнеркәсіп министрлігінің серіктес, өндіріс алаңы, бренд атауы мен жобаны жүзеге асыру мерзімдерін анықтаған-анықтамағанын сұрады.

"Шын мәнінде, бұл – өте нәзік мәселе. Оған байыппен қарау керек. Біз бұл туралы жазда да айтқанбыз. Жеке бренд құрудың қажеттілігін жан-жақты саралап, артықшылықтары мен кемшіліктерін таразылауымыз керек. Өйткені қазірдің өзінде орныққан, табысқа жеткен және өнімдерін біздің елде ғана емес, басқа да нарықтарда сата алатын брендтер бар. Олар табысты дамып келеді. Жеке бренд құру да алдымызда тұрған міндеттердің бірі. Біз бұл мәселені зерделеп жатырмыз. Алайда қазір жеке брендімізбен өндіріс орнын ашу туралы айтуға әлі ерте. Бұл мәселе әлі де пысықталып жатыр", – деді ол.

Журналистер Малайзия компаниясымен келіссөздер жалғасып жатқан-жатпағанын да сұрады. Сапарбеков ведомствоның түрлі шетелдік компаниялармен және автоконцерндермен келіссөз жүргізіп жатқанын айтты. Алайда олардың атауларын жариялаудан бас тартты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін