Талдықорғандағы наубайханада өрт шығып, наубайханашы зардап шекті

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
2026 жылғы 19 қазанда Талдықорғандағы наубайханада ірі өрт шықты. Қолын күйік шалған қызметкер ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт Желтоқсан көшесінде

"Ғимараттың шатыры жанған. Оқиға орнына Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері жедел жетті. Өрттің аумағы 78 шаршы метрді құрады. Өрт толық сөндірілді", – делінген ведомство хабарламасында.

Өрт кезінде 1986 жылы туған наубайшының қолын жеңіл күйік шалған. Ол медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді.

Оқиға орнында облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің 22 қызметкері мен жеті техника жұмыс істеді. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Бұған дейін, 18 қазанда Сәтбаев қаласындағы бес қабатты тұрғын үйдің бір пәтерінен өрт шыққан болатын. Құтқарушылар өрттен балаларды, ересектерді және мысықты аман алып шықты.

Қазақстан
Талдықорған

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

-7 градусқа дейін үсік, көктайғақ екпінді жел: қай өңірлерде ескерту жасалды

Астана әуежайында жолаушыларды биометрия арқылы сәйкестендіру жүйесі енгізілмек

Қазақстанда қайырымдылықтың бірыңғай цифрлық ресурсы құрылады

Threads арқылы концерт билеттерін сатқан: астаналық жігіт алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

Қанат Құлшыманов президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры болып тағайындалды