Шымкентте екі баланың жұмбақ өлімі тергеліп жатыр

Скорая помощь, медицинская служба, машина скорой помощи, машины скорой помощи, автомобиль скорой помощи, карета скорой помощи, бригада скорой помощи, скорая медицинская помощь, скорая медпомощь, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.10.2026 19:35 Фото: Zakon.kz
Шымкенттегі "Восток" шағынауданындағы бес қабатты үйдің пәтерінен екі баланың мәйіті табылды. Қаза болғандар – төрт жастағы ұл мен 15 жастағы қыз. Тағы үш адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көршілердің айтуынша, пәтерді екі құрбы жалдап тұрған. Қаза болған балалар сол әйелдердің балалары болған.

Қайғылы оқиғаның мән-жайын уәкілетті органдар анықтап жатыр. Алғашында газдың таралуы мүмкін деген болжам қарастырылған. Оқиға орнына апаттық қызмет мамандары барған.

Алдын ала мәлімет бойынша, пәтерден иіс газы анықталмаған.

"Апаттық бригада қызметкерлері өлшеу жұмыстарын жүргізді. Иіс газының концентрациясы анықталған жоқ. Сараптамалар жүргізіліп, тергеу аяқталғаннан кейін ғана қорытынды жасауға болады", – деді "QazaqGaz Aimaq" АҚ Шымкент қаласындағы филиалының басшысы Нұрбек Рахманов.

Оқиғаның нақты себебі әзірше белгісіз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: