Қарағанды облысында екі баланың мәйіті табылды
Сурет: Zakon.kz
Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданындағы елді мекендердің бірінде екі баланың мәйіті табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл 4 сәуірде болды. Қарағанды облысы ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2-4 жас аралығындағы балалардың денесінде зорлық-зомбылықпен өлім белгілері бар. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
"Қылмыс жасады деген күдікпен олардың анасы ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сараптама тағайындалды. Іс Қарағанды облысының ІІД бастығының бақылауында", - деп хабарлады облыстық полицияның баспасөз қызметі.
Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.
Осындай қайғылы оқиға ақпан айында Түркістан облысында да болды. Онда ана екі баласын жастықпен тұншықтырды деген күдікке ілінген.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript