Ақмола облысында жоғалған 4 жасар баланың мәйіті табылды

кәріз құдығы, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.04.2023 14:27 Сурет: pixabay
Ақмола облысында жоғалған 4 жасар баланың мәйіті табылды, ол кәріз құдығына құлап мерт болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақмола облысы полиция департаментінің хабарлауынша, 2023 жылғы 8 сәуірде сағат 22:00 шамасында Целиноград ауданының полиция бөліміне Қараөткел ауылының тұрғыны 4 жасар ұлын іздеуге жәрдемдесуді сұрап хабарласқан.

Ата-анасының айтуынша, сағат 17:30 шамасында бала аулаға серуендеуге шыққан, содан кейін жоғалып кеткен.


Полиция қызметкерлері баланың денесін үйдің жанында орналасқан кәріз құдығынан тапты. 

Қазіргі уақытта полицейлер қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша қажетті тергеу іс-шараларын жүргізіп жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша процессуалдық шешімі қабылданады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: