Қызылорда облысында бір жасар бала кәріз құдығына түсіп кетіп, мерт болды
Сурет: pixabay
Қызылорда облысы Сырдария ауданы Тереңөзек ауылында бір жасар бала кәріз құдығына түсіп кетіп мерт болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"26 наурызда сағат 12:55-те Қызылорда облысы ТЖД-ның Дағдарыс жағдайында басқару басқармасына Сырдария ауданы, Тереңөзек ауылы, М.Қозыбаев көшесі, 2-үй мекенжайында 2022 жылы туған бала кәріз құдығына түсіп, мерт болғаны туралы шұғыл хабар келіп түсті. Оқиға орнына төтеншеліктер аттанды".Қызылорда облысы ТЖД баспасөз қызметі
Қайғылы оқиғаның ересектердің қарауынсыз уақытта орын алғаны, сондай-ақ баланың денесін үйдегі адамдардың өзі алып шыққаны да нақтыланады.
Өңірлік ТЖД аталған жайтқа байланысты үндеу жасап, тұрғындардан балаларды бір минутке де қараусыз қалдырмауды, аула маңындағы кәріз құдықтарының бетін жауып жүруді сұрайды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript