Шымкентте пәтерден өрт шығып, 67 жастағы ер адам қаза тапты
Фото: Zakon.kz
Шымкенттегі Терісақай шағынауданындағы бес қабатты тұрғын үйдің бір пәтерінен өрт шықты. Оқиға салдарынан 67 жастағы ер адам көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.
2026 жылғы 10 қарашада "Отырар" телеарнасының сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, көпқабатты үйдегі пәтерден өрт шыққан. Тілсіз жау 4 шаршы метр аумақты шарпып, үй ішіндегі заттар жанған.
Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер баспалдақ арқылы сегіз адамды, оның ішінде бір баланы эвакуациялады. Өрт толық сөндірілді.
Пәтерді тексеру барысында құтқарушылар 1959 жылы туған ер адамның мәйітін тапты.
"Өрт дерегі бойынша Әл-Фараби ауданының Төтенше жағдайлар басқармасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 292-бабы 2-бөлігі – өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу бойынша қылмыстық іс тіркеді", – делінген хабарламада.
Қажетті сараптамалар тағайындалды. Қазір оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Өрттің шығу себебі анықталуда.
Бұған дейін Астанада екі қабатты дәмханадан өрт шыққаны хабарланған еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript