Lada.kz мәліметінше, өрт 2026 жылғы 18 қазанда кешке шыққан. Өрт туралы хабарлама сағат 19:42-де түскен. Жалын көлікті толық шарпыған. Өрт сағат 20:00-де сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Оқиға орнына жеке құрамның сегіз қызметкері мен екі арнайы техника жіберілді. Құтқарушылардың айтуынша, көліктің ішінде көлемі 90 литрлік газ баллоны болған.
Әлеуметтік желі қолданушылары көліктегі газ баллонына байланысты өрт сөндірушілердің қауіпсіздігіне алаңдап, олардың жұмысына алғыс білдірген.
"Видеоны соңына дейін өрт сөндірушілер үшін алаңдап көрдім. Оларды бейбіт заманның батырлары деуге болады", – деп жазды пікір қалдырушылардың бірі.
Айта кетейік, 2026 жылғы 19 қазанда Талдықорғанда наубайханада ірі өрт шықты. Күйік алған қызметкер ауруханаға жеткізілді.