Әсел Жанасова Премьер-министрдің орынбасары – көлік министрі болып тағайындалды

Сурет: akorda.kz
Бүгін, 2026 жылғы 3 қарашада Әсел Жанасова жаңа қызметке тағайындалды. Ол Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – көлік министрі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Жанасова Әсел Жұбанышқызы Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – көлік министрі болып тағайындалды. Ол бұрынғы қызметінен босатылды", – делінген ресми хабарламада.

Әсел Жанасова 1987 жылы Алматыда дүниеге келген.

2010 жылы ҚР Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша Кембридж университетін компьютерлік ғылымдар мамандығы бойынша бітірген. 2014 жылы Кембридж университеті мен М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің "Executive Management" бағдарламасы бойынша магистратурасын тәмамдаған.

2010-2014 жылдары Лондонда халықаралық компанияда ақпараттық технологиялар жөніндегі маман, ақпараттық технологиялар басқармасының менеджері, кейін киберқауіпсіздік департаментінің директоры қызметтерін атқарған.

2014-2016 жылдары Қазақстан Ұлттық банкінің цифрлық технологиялар департаменті директорының орынбасары болды.

2016-2017 жылдары "Зерде" ұлттық инфокоммуникациялық холдингі" АҚ басқарма төрайымы қызметін атқарды.

2017-2018 жылдары "Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысына кеңесші, ал 2018-2020 жылдары осы орталықтың цифрлық технологиялар жөніндегі басқарушы директоры болды.

2020-2022 жылдары Қазақстанның сауда және интеграция вице-министрі қызметін атқарды.

2022-2025 жылдары "Қазпошта" АҚ басқарма төрайымы болды.

2025 жылғы 8 маусымда Қазақстан Президентінің кеңесшісі болып тағайындалды. Ал сол жылғы 10 желтоқсанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Молния

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

3 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда телеарналар мен радио хабар тарату уақытша тоқтайды

Дәурен Мұратбеков Жоғары Сот Кеңесіндегі қызметінен босатылды

Астанадағы екінші әуежайдың құрылысы қашан басталатыны белгілі болды

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын енді жаңа тәртіппен басқара алады