Zakon.kz редакциясы түсініктеме алу үшін СҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіне жүгінді.
Әлеуметтік желілерде болған оқиға аудан әкімдігіндегі қаржылық тексеріспен байланыстырылады. Алайда бұл нұсқа ресми түрде расталған жоқ.
Полиция оқиғаның 3 қарашада болғанын растады. Ведомствоның мәліметінше, әйел аудандық ауруханаға жеткізілген. Оқиға орнынан құқық қорғау органдары қажетті заттай дәлелдемелерді тәркіледі.
Суицид жасау әрекеті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеушілер қажетті шараларды жүргізіп, оқиғаның себептері мен барлық мән-жайын анықтап жатыр.