Қазақстанның курорттық аймағында психотроптық препараттар таратылған

Фото: pexels
Ішкі істер министрлігі есірткі және күшті әсер ететін психотроптық препараттардың заңсыз айналымына қатысты қылмыстардың жолын кесу жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазан айында бірнеше өңірде препараттарды жеткізу арналары мен оларды заңсыз сату тәсілдері жойылды. Көкшетау, Щучинск және "Бурабай" курорттық аймағында препараттарды жеткізу мен таратуды ұйымдастырған қылмыстық топ мүшелері бір мезгілде ұсталды.

Барлығы 11 күдікті ұсталды. Олардың арасында фармацевтикалық компаниялардың иелері мен қызметкерлері, курьерлер және басқа да тұлғалар бар.

Тінту барысында "Тропикамед" препаратының 50 мыңнан астам құтысы және соған ұқсас тағы 4 мыңға жуық дәрілік зат тәркіленді. Сонымен қатар атыс қаруы, оқ-дәрілер, бірнеше автокөлік және шетел валютасын қоса алғанда, ірі көлемдегі ақша табылды.

Осындай іс-шаралар Қарағанды мен Теміртау қалаларында да жүргізілді. Онда жергілікті қылмыстық орта өкілдері кірген 10 адамнан тұратын топ ұсталды. Олардың Қарағанды облысында күшті әсер ететін психотроптық препараттарды сатуға қатысы бар екенін дәлелдейтін айғақтар жиналды.

Тінту кезінде психобелсенді заттар, травматикалық және суық қару тәркіленді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

"Мұндай қылмыстар қоғамға елеулі қауіп төндіреді және адамдардың өмірі мен денсаулығына ауыр зардаптар әкелуі мүмкін. Қабылданған шаралардың нәтижесінде күшті әсер ететін препараттарды заңсыз таратудың бірнеше арнасының жолы кесіліп, қауіпті өнімдердің едәуір көлемі заңсыз айналымнан алынды. Сондай-ақ олардың халық арасында одан әрі таралуына жол берілмеді. ІІМ мұндай құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу, заңсыз схемаларды ұйымдастырушыларды анықтау әрі оларды жауапкершілікке тарту жұмыстарын жүйелі түрде жалғастырады", – деді ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Еске салайық, бұған дейін АҚШ, Еуропа және Түркиядан келетін дәрі-дәрмектер Қазақстанға жылдамырақ жеткізілетіні хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әсел Жанасова Премьер-министрдің орынбасары – көлік министрі болып тағайындалды

Астанадағы екінші әуежайдың құрылысы қашан басталатыны белгілі болды

Каспий теңізіндегі есірткі арнасы: ҰҚК шетелдіктер мен Қазақстан азаматтарын ұстады

Ақтөбедегі Неке сарайындағы әйелдің өліміне қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды

Алматы тұрғындары біле бермейтін түнгі автобус бағыты