Қазақстанның курорттық аймақтарында әуежайлар қашан іске қосылады

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев 2026 жылғы 4 қарашада Үкіметтегі баспасөз мәслихатында курорттық аймақтарда салынып жатқан әуежайлардың құрылысы туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Нәлібаев Шығыс Қазақстан облысының Зайсан және Катонқарағай аудандарында жаңа әуежайлардың құрылысы жүріп жатқанын еске салды. Сонымен қатар Маңғыстау облысының Кендірлі елді мекенінде де жаңа әуежай салынып жатыр.

"Бұл әуежайлардың құрылысы 2024 жылы басталды. Зайсандағы әуежайдың құны шамамен 68 млрд теңге, Кендірлідегі әуежай 69 млрд теңге, ал Катонқарағайдағы әуежай 89 млрд теңге тұрады. Мен үш әуежайдың да құрылыс алаңдарына жеке барып, жұмыс барысымен таныстым. Маусым айында тиісті тапсырмалар бердік. Қазір әкімдер де құрылыс жұмыстарын күнделікті бақылауда ұстап отыр. Жыл соңына дейін Зайсан ауданындағы әуежайдың құрылысын толық аяқтаймыз. Катонқарағайдағы әуежай құрылысын 2027 жылғы ақпанда аяқтап, халық игілігіне беруді жоспарлап отырмыз. Кендірлідегі әуежайдың құрылысын да 2026 жылдың соңына дейін аяқтап, пайдалануға береміз", – деді ол.

Сонымен қатар ол құрылыс толық аяқталғаннан кейін құжаттарды рәсімдеу және лицензия алу қажет екенін атап өтті.

"Сондықтан бұл әуежайлар жолаушылар мен әуе кемелеріне 2027 жылдың бірінші жартыжылдығында қызмет көрсете бастайды. Негізгі мақсат – туризмді дамыту. Әуежайлар дәл осы мақсатта салынып жатыр. Келесі туристік маусымда олар толыққанды жұмыс істейді", – деп түйіндеді Нәлібаев.

Айта кетейік, 2026 жылғы 3 қарашада Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Астанада екінші әуежай құрылысы қашан басталатынын айтқан болатын.

Қазақстан
Нәлібаев Нұрлыбек

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Ондай жан енді қайталанбайды": Баян Алагөзова Меруерт Өтекешеваға тағы да ерекше ықыласын білдірді

Әсел Жанасова Премьер-министрдің орынбасары – көлік министрі болып тағайындалды

Қазақстанның курорттық аймағында психотроптық препараттар таратылған

Ақтөбедегі Неке сарайындағы әйелдің өліміне қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды

Қазақстанда көлік жүргізушілерінің ағзасындағы алкоголь мөлшеріне қатысты жаңа норма ұсынылды