Өскемендегі ауаның ластануына қатысты Экология министрлігі пікір білдірді

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев ОКҚ-да өткен брифингте Өскемендегі ауаның ластануына қатысты жағдайға түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл мәселені журналистер көтерді.

"Өскемендегі атмосфералық ауаның жай-күйі үнемі бақылауда екенін растаймын. Өкінішке қарай, "Қазцинк" тарапынан табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілері тіркеліп отыр. Осыған байланысты Шығыс Қазақстан облысының Экология департаменті кәсіпорынды жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер аясында бақылап келеді. Анықталған заңбұзушылықтар үшін әкімшілік айыппұл салынады. Егер сіз айтып отырғандай, "Қазцинк" сияқты бір заңды тұлғаға қатысты жауапкершілікті күшейту мәселесін алсақ, заңнамада мұндай норма қарастырылмаған. Бізде барлық кәсіпкерлік субъектілеріне ортақ талаптар бар", – деп жауап берді спикер.

Ол айыппұлдан бөлек, кәсіпорындардың жұмысына ықпал ететін басқа да тетіктер бар екенін атап өтті. Соның бірі – қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде олардың қызметін шектеу.

"Бұл норма Экологиялық кодексте қарастырылған. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар, мысалы, желсіз немесе тымық ауа райы қалыптасқан кезде кәсіпорындар қоршаған ортаға тарайтын зиянды заттардың шығарындылары мен төгінділерін азайту үшін өндіріс қарқынын төмендетуге міндетті. Мұндай жағдайларды "Қазгидромет" болжайды және қолайсыз метеорологиялық жағдай кезеңдері туралы алдын ала ескертеді. Бұл хабарламалар кәсіпорындар үшін қоршаған ортаға теріс әсерді азайту мақсатында өндірістік қуаттарды барынша төмендету қажеттігін білдіреді", – деп жалғастырды Жомарт Әлиев.

Айта кетейік, бүгін, 2026 жылғы 6 қарашада "Қазгидромет" РМК мамандары төрт қаланың тұрғындарына ескерту жасады. Бұған атмосферада зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін метеорологиялық жағдайлар себеп болған.

Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қарин: Соңғы жылдары Қазақстан азаматтығынан шығуға ниет білдірушілер санының азаю үрдісі сақталып отыр

Қазақстанға қоныс аударатын қандастар мемлекеттік субсидияны қалай ала алады

Ақордада Иордания королі II Абдалла бен әл-Хусейнді қарсы алу рәсімі өтті

Мемлекет басшысы Иордания королі II Абдалланы Al-Farabi орденімен марапаттады

Ақтауда еден жуушының шелегін тепкен мұғалім жазаланды