Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 447,22 теңге болды. Бұл алдыңғы көрсеткіштен 3,94 теңгеге төмен.
Еуроның орташа сараланған бағамы 500,18 теңгеге дейін түсіп, 6,85 теңгеге арзандады.
Рубль бағамы да 0,05 теңгеге төмендеп, 5,46 теңге болды.
Қытай юанінің күндізгі саудадағы бағамы 67,17 теңгені құрады. Ол 0,68 теңгеге арзандады.
Ақша айырбастау орындарында доллар 448,3–450,4 теңгеден, еуро 499,2–504,4 теңгеден, рубль 5,21–5,33 теңгеден сатып алынып, сатылып жатыр.
6 қараша күні таңертең Ұлттық банк доллардың ресми бағамын 451,87 теңге, еуроны 507,31 теңге, рубльді 5,53 теңге деп белгіледі.