Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Сурет: akorda.kz
Сурет: akorda.kz
Сурет: akorda.kz
Мирзиеев елімізге Ақаба процесі саммитіне қатысу үшін жұмыс сапарымен келген.
Ақаба процесі – Иордания Королі ІІ Абдалла бен әл-Хусейн 2015 жылы көтерген терроризмге және зорлықшыл экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық бастама.
Аталған алаңда қауіп-қатерлерге қатысты ортақ түсінікті қалыптастыру және нақты әрекет ету шараларын үйлестіру мақсатында мемлекеттер басшылары, арнайы қызметтердің, әскери ведомстволардың және халықаралық ұйымдардың жетекшілері бас қосады.