Мәртебелі мейманның құрметіне резиденция алдында еліміздің Әуе қорғанысы күштерінің тікұшақтары Қазақстан мен Тәжікстанның Мемлекеттік туларын желбіретіп ұшты.
Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.
Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң Президент оркестрі екі елдің әнұрандарын орындады.
Сурет: akorda.kz
Содан кейін президенттер келіссөз жүргізді.
Сурет: akorda.kz
Еске салайық, бұған дейін Қазақстан президенті мен Иордания королі келіссөз жүргізгенін хабарлаған едік.