Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
"Келіссөз қорытындысы бойынша Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Президент Эмомали Рахмон Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытудың басым бағыттарын айқындайтын Бірлескен мәлімдеме қабылдады", – делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Ақордада Астанаға ресми сапармен келген Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонды салтанатты қарсы алу рәсімі өткенін хабарлаған едік.
Кейінірек Мемлекет басшысы Тәжікстан Президентімен келіссөз жүргізді.
Тоқаев Эмомали Рахмонды Qoja Ahmet Yasaui орденімен марапаттады.