Оқиғаның мән-жайы әзірше белгісіз. Қайғылы жағдай туралы Ulysmedia басылымы жазды.
Редакция дереккөзінің мәліметінше, қыз журналист болу және білім алу үшін Шымкенттен Алматыға барған. Оқиғадан кейін студенттік қалашық аумағында полиция қызметкерлері мен университет өкілдері байқалған. Редакцияның сұхбаттасушысы түнде жатақханада тұратын студенттерге бөлмелерінен шығуға және балконға баруға тыйым салынғанын айтты.
Алматы қаласының полиция департаменті Zakon.kz редакциясының сауалына жауап берді.
"Өлім фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге мәліметтері жария етуге жатпайды".
Сонымен қатар студенттер арасында оқиғаның түрлі нұсқалары талқыланып жатыр. Атап айтқанда, қыздың өзіне қол жұмсауы мүмкін екені туралы ақпарат тараған. Алайда әзірше бұл нұсқа ресми түрде расталған жоқ.