Қазақстанда халықаралық жүк тасымалының бірыңғай қағидалары енгізіледі

Фото: pexels
Құрылтай депутаттары 2026 жылғы 11 қарашада Жүктерді халықаралық автомобильмен тасымалдау шарты туралы конвенцияны ратификациялау туралы заңды екі оқылымда қарап, қабылдады.Құжат тасымалдаудың бірыңғай қағидаларын және тасымалдаушылардың жауапкершілігін белгілейді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатқа берілген қорытындыда Жүктерді халықаралық автомобильмен тасымалдау шарты туралы конвенцияның 1956 жылғы 19 мамырда Женева қаласында қабылданғаны көрсетілген. Ол тасымалдау шартына қатысты әлемдік тәжірибеде қалыптасқан, жалпыға бірдей қабылданған қағидаларды реттейді.

"Конвенция халықаралық автомобильмен жүк тасымалдау шартын жасасу, орындау және бұзу кезінде тараптар қолданатын рәсімдерді белгілейді. Сондай-ақ тасымалдаушының шарт талаптарын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілігін көздейді. Конвенцияға 58 ел, соның ішінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы барлық мемлекет қосылған. Қазақстан Республикасының Конвенцияға қосылуы отандық және шетелдік тасымалдаушылардың жұмыс істеу шарттарын біріздендіру, тасымалдаушының жауапкершілігін, талаптар мен хабарламаларды ұсыну мерзімдерін айқындау, сондай-ақ халықаралық автомобильмен жүк тасымалдау шарттарын жасасудың бірыңғай қағидаларын қалыптастыру үшін қажет", – делінген құжатта.

Конвенцияны ратификациялау оған қатысушы мемлекеттермен экономикалық ынтымақтастық аясындағы өзара іс-қимыл деңгейін арттыруға мүмкіндік беретіні атап өтілген.

Бұған дейін Құрылтай депутаттары баламалы энергетиканы дамыту туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдаған еді. Құжат энергияның жаңа көздерін, соның ішінде қалдықтар мен қалдық жылуды пайдалануды көздейді.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тұрғын үй кешендерінің бірінші қабатындағы кафе мен мейрамханалар сот шешімімен жабылуы мүмкін

Тоқаев Түркиядағы металлургия зауытындағы жарылысқа байланысты Ердоғанға көңіл айтты

Үкімет Алматы және Астана агломерацияларының құрамын өзгертті

Қазақстандықтарға екпе туралы SMS келе бастады: хабарлама алған соң не істеу керек

Көлік алуға несие сұрағандардың басым бөлігіне банк неге сенбейді