Қазақстанда ғылыми жобаларға қойылатын талаптар күшейтіледі

Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 2026 жылғы 11 қарашада Құрылтайда өткен брифингте ғылыми жобалардың тиімділігін бағалау тәртібі туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Министрдің сөзінше, елімізде ғылыми жобаларды бағалайтын арнайы көрсеткіштер жүйесі бекітілген.

"Жобаның ғылыми жаңалығы, патенттерінің, авторлық куәліктерінің және ғылыми әзірлемелерінің болуы ескеріледі. Ең бастысы, 2022 жылдан бастап жобаны бірлесіп қаржыландыратын серіктестердің болуын міндеттедік. Яғни жеке компаниялар мен ірі өнеркәсіп кәсіпорындары жобаға қызығушылығын қаражат салу арқылы білдіреді. Нарықта сұранысқа ие емес жобалардың өтінімдерін бұрынғыдан көбірек кері қайтара бастадық", – деді Саясат Нұрбек.

Ол алдағы уақытта ғылыми жобаларға қойылатын талаптар күшейтілетінін мәлімдеді. Соның ішінде патенттер мен зияткерлік меншік құқықтарын пайдалануға қатысты талаптар да қатаңдатылады.


"Жоғары аудиторлық палатаның қаулысында патенттерге қатысты бірқатар мәселе көрсетілген. Мысалы, белгілі бір ғылыми әзірлемесі бар ғалымды консорциум құрамына қосып, оның авторлық құқықтарын, патенттерін және зияткерлік меншік құқықтарын пайдаланады. Енді осыған қатысты талаптарды күшейтеміз. Бұл талаптар тиісті бұйрықтарымызда да жазылған. Жалпы, Жоғары аудиторлық палатаның былтырғы тексеру қорытындысы бойынша берген нұсқамасына сәйкес, қажетті құжаттардың барлығын дерлік қабылдадық. Үш ірі заң жобасы мен тоғыз бұйрық қабылданды", – деді министр.

Бұған дейін Қазақстанда жүргізілген аудит ғылымды қаржыландыру саласындағы бірқатар кемшілікті анықтағанын хабарлаған едік.

Қазақстан
Астана
Нұрбек Саясат

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тұрғын үй кешендерінің бірінші қабатындағы кафе мен мейрамханалар сот шешімімен жабылуы мүмкін

Тоқаев Түркиядағы металлургия зауытындағы жарылысқа байланысты Ердоғанға көңіл айтты

Үкімет Алматы және Астана агломерацияларының құрамын өзгертті

Қазақстандықтарға екпе туралы SMS келе бастады: хабарлама алған соң не істеу керек

Көлік алуға несие сұрағандардың басым бөлігіне банк неге сенбейді