Шымкентте автобустағы ер адамның әдепсіз әрекеті жолаушыларды шошытты

Фото: Zakon.kz
Шымкентте 38 жастағы ер адам қоғамдық көлікте әдепсіз әрекет жасаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шымкентте куәгерлер қоғамдық көлікте сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасаған ер адамның видеосын түсіріп алған. 2026 жылғы 12 қарашада Шымкент қалалық Полиция департаменті 38 жастағы ер адамның ұсталғанын хабарлады.

"Ол қоғамдық тәртіп пен моральдық нормаларды өрескел бұзған. Сот шешімімен оған 10 тәулік әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды", – деп мәлімдеді ведомство.

Полиция мұндай әрекеттерге қоғамдық орындарда, әсіресе балалар да қатынайтын автобустарда жол берілмейтінін еске салды. Заң бұзушылар мұндай әрекеттері үшін жауапкершілікке тартылады.

Бұған дейін осыған ұқсас жағдай Өскеменде болған еді. Жәбірленушінің айтуынша, ер адам автобустың екінші шетінен оның жанына келіп отырған. Кейін пакетті қалқан етіп, қолын шалбарына салып, әдепсіз әрекет жасай бастаған.

Қазақстан
Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ҰҚК "Самұрық-Қазына" АҚ және "ҚТЖ" ҰК" АҚ басшыларының ұсталғанын мәлімдеді

АӘК тағайындау қағидалары: 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап не өзгереді

Шымкентте Қазақстан Халық Кеңесінің қызметі талқыланды

"Самұрық-Қазына" және ҚТЖ басшыларының ұсталуы: Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізеді

Бокстан жасөспірімдер Олимпиадасы: Ақнұр Тұрсынғали күміс медаль иеленді