Бокстан жасөспірімдер Олимпиадасы: Ақнұр Тұрсынғали күміс медаль иеленді

Ақнұр Тұрсынғали, Сенегал, бокс, жасөспірімдер, Олимпиада, күміс медаль  , сурет - Zakon.kz жаңалық 12.11.2026 18:20 Сурет: olympic.kz
Қазақстандық боксшы Ақнұр Тұрсынғали Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасының финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз 57 келіге дейінгі салмақта бразилиялық Сара Кампоспен кездесті.

Алғашқы раундта Ақнұр басым түсті. Дегенмен бразилиялық боксшы екінші және үшінші раундтарда тізгінді өз қолына алып, 4:1 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша Ақнұр Тұрсынғали жасөспірімдер Олимпиадасын күміс жүлдемен аяқтады.

Айта кетейік, ұлттық құраманың еншісінде алты медаль бар. Бұған дейін дзюдошы Фатима Сұпығалиева (52 келіге дейін) және велошабандоз Әнел Тәшбай алтын алса, таеквондошы Любовь Юн (63 келіден жоғары), триатлоншы Рамазан Әйнегов және боксшы Марал Төлепберген (54 келіге дейін) қола алған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: