Тағы бір "алтыннан" үміткер: Сенегалдағы жасөспірімдер Олимпиадасында Бибарыс Әшірбай финалға шықты

Бибарыс Әшірбай, Сенегал, жасөспірімдер, Олимпиада, бокс, финал , сурет - Zakon.kz жаңалық 11.11.2026 20:18 Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі
Қазақстандық боксшы Бибарыс Әшірбай Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан жазғы жасөспірімдер Олимпиадасының жартылай финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз 70 келіге дейінгі салмақта мексикалық Хорхе Луис Ньеблас Гутьерреспен жұдырықтасты.

Үш раундтың қорытындысы бойынша қазақстандық боксшы төрешілердің шешімімен 5:0 есебімен басым түсті. Осылайша Бибарыс Әшірбай Олимпиада ойындарының алтын медалі үшін бақ сынайды. Оның финалдағы қарсыласы кейінірек анықталады.

Айта кетейік, бұған дейін Ақнұр Тұрсынғали (57 келі) ақтық сынға өткен еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: