Боксшы Бибарыс Әшірбай жасөспірімдер Олимпиадасының финалына шығу үшін бақ сынайды

Боксшы Бибарыс Әшірбай жасөспірімдер Олимпиадасының финалына шығу үшін бақ сынайды, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.11.2026 20:00 Сурет: olympic.kz
Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында бокстан ширек финалдық жекпе-жектер жалғасып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгін, 10 қарашада Қазақстан атынан шаршы алаңға Бибарыс Әшірбай шықты.

Отандасымыз 70 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында Бангладеш өкілі Нойон Трипура Джанимен кездесті.

Нәтижесінде Бибарыс Әшірбай қарсыласына еш мүмкіндік бермей, 5:0 есебімен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.

Айта кетейік, бұған дейін Ақнұр Тұрсынғали (57 келі) 1/2 финалға өткен еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: