Анатолий Руденко суға жүзуден жасөспірімдер Олимпиадасының финалына шықты

Анатолий Руденко, суға жүзу, жасөспірімдер, Олимпиада, финал , сурет - Zakon.kz жаңалық 05.11.2026 18:36 Сурет: olympic.kz
Қазақстандық жүзгіш Анатолий Руденко Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасының іріктеу кезеңінде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз 50 метрге брасс әдісімен жүзуден финалға шығу үшін бақ сынады.

Нәтижесінде Анатолий қашықтықты 29.07 уақытта жүзіп өтіп, өз тобында үшінші, ал жалпы есепте алтыншы орынмен финалға жолдама алды.

Айта кетейік, финал бүгін, 5 қарашада өтеді.

Бұған дейін отандасымыз 100 метрге брасс әдісімен жүзуден шешуші кезеңге жолдама алған болатын. Финалда Руденко қашықтықты 1 минут 3,33 секундта жүзіп өтіп, алтыншы орынға тұрақтады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: