Анатолий Руденко жүзуден жасөспірімдер Олимпиадасында алтыншы орын алды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.11.2026 21:28 Фото: zakon.kz
Қазақстандық жүзгіш Анатолий Руденко Сенегал астанасы Дакар қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасының финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз 100 метрге брасс әдісімен жүзуден шешуші кезеңге жолдама алған болатын.

Финалда Руденко қашықтықты 1 минут 3,33 секундта жүзіп өтіп, алтыншы орынға тұрақтады.

Бұл сында Қытай өкілі Се Ичэнь (1:01.03) топ жарды. Жапониялық Иори Миядзаки (1:01.30) күміс жүлдеге ие болса, Литва спортшысы Домас Вилимас (1:01.75) үздік үштікті түйіндеді.

Айта кетейік, бұған дейін Анатолий Руденко 200 метрге брасс әдісімен жүзуден өткен финалда да алтыншы орын алған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: