Анатолий Руденко жүзуден жасөспірімдер Олимпиадасында алтыншы орын алды

Анатолий Руденко жүзуден жасөспірімдер Олимпиадасында алтыншы орын алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.11.2026 22:03 Сурет: olympic.kz
Қазақстандық жүзгіш Анатолий Руденко Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасының финалында бақ сынады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз 200 метрге брасс әдісімен жүзуден ақтық сында 2:20.75 уақыт нәтижесін тіркеп, алтыншы орынға тұрақтады.

Жапониялық Иори Миядзаки 2:12.33 уақыт көрсеткішімен алтын медаль жеңіп алды.

Домас Вилимас (Литва) 2:13.50 нәтижесімен екінші орын алды. Ал өзбекстандық Мухаммадисмаил Рахмонов 2:15.79 көрсеткішімен үздік үштікті түйіндеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: