Фатима Сұпығалиева дзюдодан жасөспірімдер Олимпиадасында топ жарды

Фатима Сұпығалиева дзюдодан жасөспірімдер Олимпиадасында топ жарды, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.11.2026 21:38 Сурет: olympic.kz
Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Фатима Сұпығалиева Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Финалда отандасымыз Португалия өкілі София Гаспармен кездесті.

Нәтижесінде Сұпығалиева иппонмен мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Ақтық белдесу 2 минут 33 секундта аяқталды.

Осылайша Фатима Дакардағы Олимпиадада ұлттық құрама қоржынына алғашқы алтын медальді салды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: