Триатлоннан Дакарда өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында отандық спортшы қола медаль иеленді

Триатлон, Дакар, Рамазан Әйнегов, жасөспірімдер, Олимпиада, қола медаль  , сурет - Zakon.kz жаңалық 05.11.2026 19:04 Сурет: olympic.kz
Қазақстан құрамасының өкілі Рамазан Әйнегов Сенегалдың Дакар қаласында өтіп жатқан IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық триатлоншы жарыс жолын 53 минут 27 секундта бағындырды. Ол жапониялық Дайки Нисидзакимен бір уақытта мәреге жетіп, үшінші орынды өзара бөлісті. Екеуі де жеңімпаздан 14 секундқа қалып қойды.

Португалиялық Артур Гашпар 53 минут 13 секунд нәтижесімен топ жарды. Ал Люксембург өкілі Эмиль Ванолст (53:23) күміс жүлдеге қол жеткізді.

Осылайша, Қазақстан құрамасының Дакардағы жасөспірімдер Олимпиадасындағы медаль саны екіге жетті. Бұған дейін дзюдошы Фатима Сұпығалиева 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ жарып, ел қоржынына алғашқы алтын медальді салған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: