Қазақстандық спортшы Азия ойындарында ММА-дан тұңғыш рет қола медаль иеленді

Санжар Әділов, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.09.2026 10:40 Сурет: Instagram/sanzhar_adilov57
Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Санжар Әділов Жапонияның Айти–Нагоя қаласында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық спортшы ММА-дан дәстүрлі стиль бойынша 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жүлдегер атанды.

Аралас жекпе-жек (ММА) Азия ойындарының бағдарламасына тарихта алғаш рет енгізілді. Осылайша, Санжар Әділов Азия ойындарында ММА-дан медаль алған алғашқы қазақстандық спортшылардың бірі атанды.

ХХ жазғы Азия ойындары Айти–Нагояда 2026 жылғы 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтеді.

Бұған дейін 21 қыркүйекте Азия ойындарында бақ сынайтын қазақстандық спортшылардың жарыс кестесі белгілі болған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: