Азиада-2022: Қазақстандық ауыр атлет қола медаль иеленді

Александр Уваров, ауыр атлет, штанга көтеру, Азия ойындары, қола медаль, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.10.2023 19:22 Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі
Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық ауыр атлет Александр Уваров қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен қазақстандық ауыр атлет Александр Уваров қола медаль жеңіп алды. Оның екі жаттығу бойынша көреткіші - 348 кг.

Бірінші орынды Солтүстік Корея спортшысы Ри Чонсон (364 кг), екінші орынды Өзбекстан өкілі Тоштемиров Мұхаммедкодир (351 кг) иеленді.

Тағы бір қазақстандық Еламан Сейітқазы төртінші (343 кг) орынды қанағат тұтты.

Айта кетсек, алдында Азия ойындарында Қазақстан құрамасы қоржынында 50 медаль бары хабарланған. Ал бұл медальмен 51-ші болып табылады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: