Азиада-2022: Жеңіл атлетикадан Қазақстан командасының өкілі қола медаль иеленді

Каролин Чепкоеч Кипкируи, жеңіл атлетика, Қазақстан құрамасы, қола медаль, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.10.2023 18:41 Сурет: olympic.kz
Жеңіл атлетикадан Қазақстан командасының өкілі Каролин Чепкоеч Кипкируи Ханчжоуда (ҚХР) өтіп жатқан Азия ойындарында қола медаль иеленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жеңіл атлет 5000 метр қашықтықта жүгіруден финалда үшінші үздік нәтиже көрсетті.

Мәре сызығын бірінші болып Үндістан спортшысы  Парул Чаудхари кесті. Күміс медаль жапон желаяғы Ририка Хиронакаға бұйырды. 

Бұған дейін хабарланғандай, қазақстандық боксшы Асланбек Шымбергенов Ханчжоуда (Қытай) өтіп жатқан Азия ойындарының жартылай финалында жеңіліп, медаль үшін таласқа қатыса алмайтын болды. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: