Дакарда өтіп жатқан Олимпиадада отандық боксшы "алтынға" таласатын болды

Бокс, Ақнұр Тұрсынғали, жасөспірімдер, Олимпиада, финал, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.11.2026 18:59 Сурет: olympic.kz
Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан жазғы жасөспірімдер Олимпиадасында бокстан жартылай финалдық жекпе-жектер басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақнұр Тұрсынғали 57 келіге дейінгі салмақта Украина өкілі Евангелина Петрукпен қолғап түйістірді.

Нәтижесінде қазақстандық боксшы төрешілердің шешімімен 4:1 есебімен жеңіске жетті. Осылайша Ақнұр Тұрсынғали Олимпиада ойындарының алтын медалі үшін жұдырықтасады. Оның финалдағы қарсыласы бразилиялық Сара Кампос болмақ.

Айта кетейік, финал 12 қарашада өтеді.

Бұған дейін жасөспірімдер Олимпиадасында боксшы Марал Төлепберген жартылай финалға шыққанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: