Қазақстанда азық-түлік өндірісі артты

Фото: freepik
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров 2026 жылғы 17 қарашада Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнім көлемінің өскенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрдің айтуынша, бұл көрсеткіш 5,2%-ға өсіп, 8,9 трлн теңгені құраған.

"Өсімдік шаруашылығындағы өсім 6,4%, ал мал шаруашылығында 3,2% болды. Азық-түлік өндірісі 13%-ға артып, 3,6 трлн теңгеге жетті. Қазіргі уақытта елімізде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін шамамен 270 мың субъект жұмыс істейді. Мемлекеттік субсидиялау шараларымен олардың 25 мыңға жуығы қамтылған. Бұл ретте субсидия алушылардың шамамен 90%-ын шағын және орта шаруашылықтар құрайды. Субсидиялау – шығындардың бір бөлігін өтеу екенін атап өткен жөн. Шаруашылықтар алдымен сапалы тұқым сатып алып, қажетті минералды тыңайтқыштар мен өсімдіктерді қорғау құралдарын қолданады, техника алады. Содан кейін оларға нақты жұмсалған шығындардың бір бөлігі өтеледі", – деді Айдарбек Сапаров.

Оның айтуынша, бұл шаралардың тиімділігі шаруашылықтардың көрсеткіштерінен байқалады. Атап айтқанда, өсімдік шаруашылығындағы өнімділік, мал шаруашылығындағы өнімділік және өңдеу саласындағы өндіріс көлемі артқан.

Министрдің пікірінше, бұл мемлекеттік қолдау өндіріс тиімділігін арттыруға, салынған қаражаттың қайтарымын көбейтуге және ішкі әрі сыртқы нарықтардағы бәсекеге қабілеттілікті нығайтуға ықпал ететінін көрсетеді.

"Сонымен қатар қаражат бөлу тетіктері жетілдіріліп жатыр. Субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесі жаңғыртылуда. Процестердің ашықтығы, өтінімдердің қадағалануы қамтамасыз етіліп, деректерді автоматты түрде бақылау және өтініш берушілердің мемлекеттік қолдау шараларына тең қол жеткізуі жолға қойылды", – деп толықтырды Айдарбек Сапаров.

Бұған дейін Қазақстанда сиыр мен қойдың аналығын елден әкетуге салынған тыйымның ұзартылғаны хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев мәслихат сайлауына қатысты тапсырма берді

Атырау тұрғыны смарт-сағат үшін жанжал шығарып, үш жылға сотталды

Студент қыз сегізінші қабаттан құлап, аман қалды

Сабақтан қалу ерекше бақылауға алынады: Қазақстанда 21 қарашадан бастап жаңа ережелер енгізіледі

Ренат Айтаев президент Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды