Жамбыл облысында 24 млн теңгенің жылқысын ұрлаған күдікті ұсталды

Сурет: polisia.kz
Жамбыл облысында 16 бас жылқыны айдап әкеткен 44 жастағы тұрғын ұсталды. Тергеу барысында оның ұрланған малдың жетеуін сойып, етін сатып жібергені белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға Т.Рысқұлов ауданының құмды алқабындағы жайылымда болған. Ер адам жайылымда қараусыз жүрген жылқыларды байқап, оларды иемденуді ұйғарған.

Ол өзіне тиесілі айғырға мініп, жылқыларды үйірімен бірге айдап әкеткен. Нәтижесінде мал иесіне 24 миллион теңге көлемінде материалдық шығын келтірілген.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша аса ірі мөлшердегі мал ұрлығы бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Полиция азаматтарды мал-мүлкінің сақталуына жауапкершілікпен қарауға, төрт түлікті қараусыз қалдырмай, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Сабақтан қалу ерекше бақылауға алынады: Қазақстанда 21 қарашадан бастап жаңа ережелер енгізіледі

Әл-ауқатты бағалау калькуляторы қалай жұмыс істейді және пайдаланушылар нені білуі керек

Атырау тұрғыны смарт-сағат үшін жанжал шығарып, үш жылға сотталды

Студент қыз сегізінші қабаттан құлап, аман қалды

"Balapan"-ның күзгі базарлығы