Дәретхананың бұзылғаны туралы 2026 жылғы 16 қарашада жолаушылардың бірі жазды.
"Жаңа Stadler пойызы, бірақ дәретханалары күні бойы істемейді! Жоқ, мен пойызды жамандағалы отырған жоқпын, ҚТЖ-ның да бұған қатысы жоқ. Ал кім кінәлі екенін білесіздер ме? Бастапқыда жөргекті тастап кеткен өздеріңіз кінәлісіздер, соның кесірінен жүйе істен шықты!" – деп жазды қазақстандық.
"Жолаушылар тасымалы" АҚ бұған қатысты түсінік берді.
"Осы жағдайға қатысты аталған вагондағы дәретхана уақытша жұмыс істемегенін хабарлаймыз. Тексеру барысында ақауға санитарлық-техникалық жүйеге қағаз майлықтардың түсуі себеп болғаны анықталды. Қазір мамандар ақауды жою үшін қажетті жұмыстарды атқарып жатыр", – деп хабарлады "Жолаушылар тасымалы" АҚ.
Компания өкілдерінің айтуынша, ескерту белгілері мен жазуларына қарамастан, жолаушылардың дәретхананы пайдалану ережелерін сақтамау жағдайлары кездеседі.
"Дәретхана қағазының, жеке гигиена құралдарының және басқа да бөгде заттардың жүйеге түсуі жабдықтың істен шығуына әкеледі", – делінген компанияның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Компания келтірілген қолайсыздықтар үшін жолаушылардан кешірім сұрап, белгіленген ережелерді сақтауға және вагон мүлкіне ұқыпты қарауға үндеді.