Қажетті құжаттарсыз 1,6 млрд теңгеге тендер өткізбек болған шенеунікке тек тәртіптік жаза қолданылды

Фото: Zakon.kz
Ақмола облысында прокуратура бюджеттен 1,6 млрд теңгенің негізсіз жұмсалуына жол бермеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық прокуратураның 2026 жылғы 20 қарашада хабарлауынша, Астрахан ауданында автомобиль жолдарын жөндеуге арналған мемлекеттік сатып алуды жоспарлау кезінде заң бұзушылықтар анықталған.

Тексеру барысында сатып алуды қажетті жобалау-сметалық құжаттамасыз және мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысынсыз өткізу жоспарланғаны белгілі болды. Жұмыс құны да экономикалық тұрғыдан тиісті деңгейде негізделмеген.

Прокуратура араласқаннан кейін 1,6 млрд теңгеге жоспарланған мемлекеттік сатып алудың күші жойылды.


"Жол берілген заң бұзушылықтар үшін аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды", – деп хабарлады Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

2026 жылғы 10 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) Алматыда сапасыз әзірленген жол жобасына 202 млн теңге төленуіне қатысты істі тергеп жатқаны туралы жазған едік.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда дәрігер бір қабылдауда науқасты қарап, рецепт жазып, анықтама бере алады

Қазақстанда атом нысандарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар бекітілді

Таразда кеңес жауынгерлеріне арналған мемориалды бүлдіргендер іздестіріліп жатыр

Мемлекет басшысы Парламентаралық одақтың президенті Милтон Дикті қабылдады

Алматы маңындағы Есік көліне апаратын жол көктемге дейін жабылды