Осы жылдың қазан айында Кенен ауылындағы мектептердің бірінде 9-сынып оқушысы буллингке ұшыраған. Оны қорлаған баланың анасы кінәсін мойындап, өкінетінін жеткізді.
Ал жәбірленуші тарап жанжалдың аяқталғанын, екі жақтың татуласқанын айтып, соттан жеңіл жаза тағайындауды сұрады.
"ӘҚБтК-нің 127-2-бабы 3-бөлігінде (Кәмелетке толмаған адамды жәбірлеу (буллинг, кибербуллинг) ата-аналарға немесе олардың орнындағы адамдарға ескерту жасау не 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салу көзделген. Сот кінәні мойындау, өкіну, кәмелетке толмаған балаларының болуы және құқық бұзушылықты алғаш рет жасауды жеңілдететін мән-жайлар ретінде таныды. Жазаны ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ", – деп хабарлады сот.
Сот қаулысымен әйел кінәлі деп танылып, оған 10 АЕК (43 250 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.
Қаулы әлі заңды күшіне енген жоқ.